Skip to main content

Modal title

One fine body…

    • RU
    • KK
С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы
  •  Студенттерге
    • Бірінші курс студентіне
      Библиографиялық сипаттама
  •  Abai Digital
    • Abai Digital
  •  Зерттеушілер мен оқытушыларға
    • ННП РК
      Web of Science
      Springer Link
      РМЭБ
      КазНЭБ
      РИНЦ
      Лань
      Полпред-справочник
      «КИБЕРЛЕНИНКА» ғылыми электронды кітапханасы
      Шығыс Қазақстан бойынша ресми статистикалық ақпарат
      Scopus
  •  Әріптес-кітапханашыларға
    • ҚР ЖОО кітапханалар Ассоциациясы
      Кітапалмасу
  •  Бұл қызық
    • National digital history of Kazakhstan
      Біздің Абай: электрондық кітапхана
  •  Байланыс

You are here

Басты бет » Оқиғалар мен жаңалықтар » Amanzholov University-ге Павел Бажовтың "Күміс тұяқ" ертегісінің құнды данасы берілді
12.11.2021
Amanzholov University-ге Павел Бажовтың "Күміс тұяқ" ертегісінің құнды данасы берілді

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі жазушы және журналист Павел Петрович Бажовтың жұмысында қазақстандық кезеңнің 100 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясының "Балалар қайырымдылық ордені" және "БАЖОВ" "Қайырымдылық қоры" қоғамдық ұйымдары "Бажов в Казахстане" халықаралық жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында болып, қызметін зерделеді.

Кездесуге С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушы-ғалымдары, кітапхана қызметкерлері мен студенттері, Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының өкілдері, жазушылар, "Звено Алтая" әдеби бірлестігінің мүшелері, өлкетанушылар, мұражай, мұрағат және кітапхана ісінің мамандары, оқырмандар, қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

- Біздің университетке, сондай-ақ А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына екі ел суретшілерінің суреттері салынған Павел Бажовтың "Күміс тұяк" ертегісінің орыс және қазақ тілдеріндегі бірегей даналары берілді. Басылымда көрнекі суреттерден басқа тұрмыстық шындықты, ескірген сөздер мен диалект тіркестерінің толық түсініктемелері қамтылған, – дейді Ғылыми кітапхананың бас кітапханашысы Любовь Ершова.

"Бажов в Казахстане" халықаралық жобасы аясында "Малахитовая шкатулка" дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Жазушының шығармашылық мұрасы, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.
Жазушы туралы өздерінің ғылыми жобаларының анонстарын С.Аманжолов атындағы ШҚУ қазақ, орыс филологиясы мен журналистикасының студенттері мен аға оқытушысы Галина Полторжицкаямен бірге креативті форматта көрсетті.

- Екі апта бойы біз тек жобаны емес, кәсіби қызметте одан әрі пайдалану болатын өнімді дайындадық. Сонымен қатар, студенттер көп ұзамай практикаға барады, бұл оларға пайдалы болады. Оқушылар Павел Петровичтің шығармашылығымен қызығушылықпен танысуы үшін біз алты жоба дайындадық: "Павел Бажовтың Өскеменнен Камышловқа дейінгі шығысқазақстандық жолы" Google карта", "Шығыс Қазақстандаағы Божавтың қызметі туралы лонгрид", "Жазушы П.Бажовтың шабыт картасы", "П.Бажов туындысының прототиптері" (интегративті тәсіл)", "П. Бажовтың шығармаларына рецензиялар челленджі", "Павел Петрович Бажовқа арналған интерактивті ойын", - деп атап өтті Галина Полторжицкая.

Оның айтуынша, бірінші жоба, "Өскеменнен Камышловқа дейінгі Павел Бажовтың шығысқазақстанды4 жолы" Google картасы" бойынша кез келген адам Павел Бажовпен бірге жүріп, жазушы кезінде облыстың қалалары мен кенттері қандай болғанын көре алады.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушы-ғалымдары атап өткендей, Орал делегациясының сапары Қазақстандағы балалар әдебиеті жылына келді.

– Бажов ертегілері балаларға мәңгілік адамгершілік құндылықтарын насихаттайды. Бұл ретте дөңгелек үстел облыстық кітапхананың 125-жылдығына орай өтіп отырғанын ата өткен жөн. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Өскемен қаласының халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, Павел Бажов ағартушылық қызметпен белсенді айналысты, кітапхананың материалдық жағдайын және оны орналастыру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесті, – деп атап өтті педагогика ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚУ доценті Наталья Бенеш.

  • View the full image
  • View the full image
  • View the full image
  • View the full image

© 1998-2018 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.., 30-шы Гвардиялық дивизия к-сі, 34
Пошталық индекс: 070020 e-mail:library_dir@vkgu.kz