ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА
Өскемен қаласы,
30 - шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34
(№1 ғимарат)
8 (7232) 54-04-21
Кітапхана директоры – Нұралиева Перизат Күзембайқызы

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасының тарихы 1952 жылдан басталады. Бүгінде ол 1 млн. данадан астам қазақ және орыс тілдеріндегі, 25 шет тіліндегі ғылыми, оқу, көркем әдебиеттер және сирек кітаптар қорының электронды және кітап жинақтары бар жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі.
Кітапхана қолданушыларына 300-ден астам баспа басылымдары мен 10000-нан астам электронды түрдегі ғылыми журналдар, 18000-нан астам толық мәтінді кітаптар (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар); Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхананың (РМЭБ) виртуалды оқу залы; Elsevier және Springer, Cambridge University Press баспаларының электронды кітаптары мен мерзімді басылымдары, Web of Science (Tomson Reuters, АҚШ) Scopus (Elsevier, Нидерланд) аналитикалық қорлары және т.б. қол жетімді. Сондай-ақ, нормативті-құқықтық құжаттардың электронды түрлеріне және де басқа электронды қорларға еркін кіруге болады.
Кітапхананың мақтанышы, XVIIІ ғасырдан басталатын 10 мыңға жуық құжаттардан тұратын сирек кездесетін құнды әдебиеттер қоры.
«Электронды кітапханасы» – университет оқытушыларының еңбектерін, мақалалар, диссертация авторефераттарын, оқулықтар мен оқу құралдарын, оқу-әдістемелік жинақтарды, сирек кітаптарды және т.б. жинақтайды.
Ирбис–64 автоматтандырылған кітапханалық жүйесі - өз қолданушыларына Қазақстан мен Ресейдің ең озық университеттерінің студенттері мен оқытушылары қолданатын барлық қызметтерді, соның ішінде ақпаратты іздеудің бірегей мүмкіндіктерін ұсынады.
ШҚМУ Ғылыми кітапханасы Шығыс Қазақстан оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады. Ол ақпараттық-кітапханалық қызметтің барлық бағыты бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады және өткізеді; қолданушыларға ақпараттық-кітапханалық қызметтің сапасын жоғарылатуға ықпал ететін жаңа инновациялық технологияларды айқындайды, үйренеді және енгізеді; мамандардың кәсіби деңгейін белсенді арттыруға ат салысады.