Сіздердің біреуіңіз бұл бастамамен бұрыннан таныс болсаңыздар, ал біреу үшін бұл бейтаныс нәрсе. Сондықтан біз ол туралы тағы да айтып өтуді жөн көрдік. Буккроссинг дегеніміз не? Буккроссинг- бұл бүкіл әлемдегі кітаптар айналымы. Бұл идея Америкадан бастау алған. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасынд жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі.
Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Bookcrossing әлеуметтік жобасының мақсаты - азаматтарды оқуға тарту, сондай-ақ азаматтардың білім деңгейін арттыру.
Буккроссинг идеясын жүзеге асыру үшін университетімізде №1 оқу ғимаратының бірінші және үшінші қабатындағы оқу залдарында, №5 оқу ғимаратының 1-ші қабатында, сондай-ақ «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығында «буккроссинг аймақтарын (сөрелер, шкафтар, стеллаждар) аштық.
Өзіндік тартымды үлгіде жасалған кітап шкафтары әртүрлі жанрдағы әдебиетпен толтырылған.
Bookcrossing-зоналардың мекен-жайлары: № 1 оқу ғимараты, ауд.303, 103; "PARASAT "студенттерге қызмет көрсету орталығы", № 5 оқу ғимараты, 1 қабат холл.
Жақсы кітаптар оқыңыздар! Келіңіздер, көріңіздер, кітаппен алмасыңыздар!