24.01.2022
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарының назарына « Балалық шақ әлемі – Конвенциямен» атты көрмені ұсынады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады.
«Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды "Балалар жылы" деп жариялау керек деп есептеймін».
Қазақстан БҰҰ –ның толық мүшесі бола отырып, 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияға қосылды.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деді Мемлекет басшысы.
Көрме оқырмандар назарына студенттердің оқу залында ұсынылады.
(1 корпус, 3 қабат, 303 кабинет)