Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың
артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік.
Ғабит Мүсірепов
Оқырмандарды кітап оқуға тарту, жастарды рухани тәрбиеге баулу, мақсатымен С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы жыл сайын «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын өткізеді. Қазан айында өтетін бұл іс-шара жыл көлемінде өз жалғасын табуда. Электронды дәуір ағымына қарамастан қазіргі таңда, «Кітап» деген киелі ұғымға бас иіп кітапханамыздың қорын толықтырушы ұйымдар мен жеке тұлғалардан 200 дей кітап сыйға тартылды. Атап айтсақ, Қарағанды қаласынан Орталық Қазақстан академиясы (ОҚА), Нұр-Сұлтан қаласынан «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры, Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Өскемен қаласынан Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі сияқты ұйымдармен қатар, Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан Жазушылар Одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлы, қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер ғалым С. Зимановтың қызы Гүлжамал Салықова, Семей қаласынан филология ғылымдарының докторы, Ә. Бөкейхан университетінің профессоры Сейітова Ш. Б., жазушы, драматург, аудармашы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі М. Сәрсеке, сонымен қатар Азамат Төлеуов, А.К. Қасымов сынды көкірегі ояу, белсенді өмірлік ұстанымдағы азаматтар мен азаматшалар тарапынан тарту етілген рухани дүниелер бар.
Бұл игі іс-шараға оқу ордамыздың басшысы профессор, М.Ә. Төлегеннен бастап белсене қатысқан университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамының қосқан үлесін ерекше атап өткенді жөн деп санаймыз. Олардың қатарында: Б.К. Ахметжанов, К.Ж. Дакиева, Ж.С. Аубакирова, Г.К. Капышева, А.В. Егорина, А.Н. Алексеенко, Д.Р. Сапарова, Е.П. Шевчук, Н.К. Шайханова, М.А. Ордабаева, С.Қ. Оразалин, Б.К. Ахметжанов, Қ.Т. Барбосынова, А.К. Игибаева, Ж.Т. Игисинова, С.А. Федосова және т.б.
Мысалы осы аптада С.Қ. Оразалиннің тартуымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық, университетіміздің 70-жылдық мерейтойларына орай университетіміздің тарапынан арнайы Абай атындағы стипендия, университет гранты, бүгінде әкім грантының иегері атанып отырған «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша 3 курста оқитын Айтолқын Болатқызы сынды дарынды жастардың қаламынан туған «Ұшқыннан жалын лаулайды: Студент жастардық шығармашылығы» жыр жинағы, әңгіме-эсселері кітапханамыздың төрінен өз орнын алды.
Кітап сыйлау - бұл адамның ерекше қасиеті, жомарттығы, кітапханаға деген ерекше сүйіспеншілігі мен ықыласы, ішкі мәдениетінің белгісі дей келе, кітапханаға қолдау көрсеткен барша азаматтар мен ұйымдарға кітапхана ұжымы мен оқырмандар атынан алғысымызды білдіреміз.