9 мамыр – көктемнің керемет күні ғана емес, сонымен бірге ұмытылмас, естеқаларлық күн – фашизмді жеңу күні. Осы мерекеге тікелей қатысы бар жандар аз қалды, бүгін біз оларға басымызды иіп, бейбіт аспан үшін алғыс айтуымыз керек.
1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыста ерлік пен батылдық танытқан Ұлы Отан соғысының 23 қатысушысы ӨПИ-де (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да) жұмыс істеді.
Университет қабырғасында тыл еңбеккерлері, соғыс жылдарында жеңіске жеткен соғыс балалары еңбек етті.
Сіздерге мың тағзым етеміз және шексіз алғыс білдіреміз!
Жоғары оқу орнында бүгінде әкелері, ата-бабалары майданда ортақ жеңісімізді әкелген оқытушылар, қызметкерлер жұмыс істеп, студенттер, магистранттар мен докторанттар білім алуда!
76 жыл бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз және біз балаларымыз соғыстың не екенін ешқашан білмеуі үшін бәрін жасайтын боламыз. Біз осы жеңіске қол жеткізгендерді есте сақтау үшін бар күшімізді саламыз. Біз ата-бабамыздың азаттық, ар-намыс және көркем келешек үшін жасаған ерліктері туралы ешқашан ұмытпауымыз керек.
Бұл мереке күні баршаларыңызға ең алдымен бейбітшілік, ашық аспан, сондай-ақ денсаулық пен амандық тілеймін!
Мереке құтты болсын! Ардагерлерге мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін!
Құрметпен,
С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры,
профессор М.Ә. Төлеген