КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫМЫ
Бөлім атауы | Мекен-жайы | Мақсаттары мен міндеттері |
---|---|---|
Жинақтау, құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі | 30-шы Гвардиялық дивизия к-сі, 34. №1 ғимарат, 104 бөлме, 9-00-ден 18-00-ге дейін |
Университет профилін зерделеу негізінде кітапхана қорын жинақтауды қамтамасыз етеді, кітапхана қорына түскен және шыққан әдебиеттер есебін жүргізеді, университетте оқылатын пәндердің кітаппен қамтамасыз етілу картотекасын жүргізеді. Әдебиеттерді білім салалары бойынша жүйелейді, кітапхана қорларын ашатын каталог пен картотекалар жүйесін ұйымдастырады. |
Ақпараттық-библиографиялық жұмыс бөлімі | №1 ғимарат, 214 бөлме, 9-00-ден 18-00-ге дейін |
Университеттің оқу-тәрбие үрдісі мен ғылыми-зерттеу қызметін ақпаратпен қамтамасыз етеді. |
Әдістемелік жұмыс және кітапханалық-ақпараттық үрдістерді автоматтандыру бөлімі | №1 ғимарат, 216 бөлме, 9-00-ден 18-00-ге дейін |
ШҚМУ мен оқу мекемелері кітапханаларының қызметіне әдістемелік қолдау көрсетеді. Кітапханалық-ақпараттық үрдістерге компьютерлік технологияларды енгізуді және кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады. |
Ғылыми әдебиеттер абонементі | №1 ғимарат, 103 бөлме, 9-00-ден 19-00-ге дейін |
Оқырмандарды ғылыми , ғылыми-көпшілік , әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Кітаптар 10 күнге беріледі. Керек жағдайда пайдалану мерзімін ұзартуға болады. |
Көркем әдебиеттер және өнер абонементі | №1 ғимарат, 107 бөлме, 9-00-ден 19-00-ге дейін |
Қазақстандық, ресейлік және шетелдік жазушылардың шығармалары ұсынылған. Қордың айтарлықтай бөлігін театр, кино, сурет туралы әдебиеттер құрайды. |
Сирек кітаптар оқу залы | №1 ғимарат, 229 бөлме, 9-00-ден 18-00-ге дейін |
17 ғ. – 20 ғ. басын қамтитын раритетті басылымдар топтамасы. |
Оқу әдебиеттері кітапханасы | №3 Студенттер үйі, 1 қабат, 9-00-ден 18-00-ге дейін, т. 54-02-46 |
Студенттердің кітапханаға жазылуын қамтамасыз етеді. Бүкіл оқу мерзімінде кітапхана қызметін қолдануға құқық беретін біркелкі оқырман билеттерін береді Оқырмандардың барлық санаттарын оқу, ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтиды. |
Студенттер оқу залы | №1 ғимарат, 302 ауд., 8-00-ден 19-00-ге дейін |
Оқырмандарға аз даналы және бағалы әдебиеттерді ұсынады. Бұл жерде қазіргі кезеңдегі ең көкейтесті мәселер бойынша тақырыптық көрмелер қойылады. |
Мерзімді басылымдар оқу залы | Студенттер қалашығы, №1 ғимарат, 101 ауд., 9-00-ден 19-00-ге дейін |
Қазақстандық және ресейлік басылымдардан шыққан 500 мерзімді басылымдар (газеттер мен журналдар) – жұмысқа, оқуға, бос уақытта білімнің барлық салалары бойынша мәлімет алудың тамаша мүмкіндігі. |
Ғылыми ақпарат залы | Студенттер қалашығы, №1 ғимарат,. 229 ауд 9-00-ден 18-00-ге дейін |
Ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, магистранттарға, докторанттарға арналған оқу залы. Оның қорында ғылыми журналдар, ақпараттық басылымдар, жоғары мектеп мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік журналдар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, электронды каталогтар шоғырланған. Үнемі жаңа кітаптар көрмесі жұмыс істейді. |
Филологиялық мамандықтар кітапханасы | Крылов к-сі, 72, (102 бөлме), 9-00-ден 18-00-ге дейін |
Тіл мамандықтарына арналған оқу құралдары, сөздіктер және әдебиеттер. |
Экология және жаратылыстану мамандықтарының кітапханасы | Революционная к-сі, 2, (12 ауд.), 9.00-дан 18-00-ге дейін |
Жаратылыстану ғылымы бағытындағы мамандарға арналған экология, табиғат және табиғат ресурстары мәселелері бойынша әдебиеттерді ұсынады. |
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің кітапханасы | 30-шы Гвардиялық дивизия к-сі, 36, (301 ауд.), 9.00-дан 18-00-ге дейін |
Колледж оқушыларына қызмет көрсетеді, мамандықтар тізімі бойынша керекті басылымдар, сонымен қатар орта мектепке арналған оқулықтар да бар. |
Жаратылыстану ғылымдары мен технология факультетінің кітапханасы | Ворошилов к-сі, 148, (102 бөлме), 9.00-дан 18-00-ге дейін |
Болашақ физик, математик, технологтарды даярлау үрдісіне қажетті арнайы әдебиеттер жинақталған оқу залы. |
Психология, педагогика және мәдениет факультетінің кітапханасы | Бажов к-сі, 7, (31 бөлме), 9.00-дан 18-00-ге дейін; Бажов к-сі, 7, (48 бөлме), 9.00-дан 18-00-ге дейін |
Болашақ педагогтар мен психологтарға өз қорын ашады. Арнайы нота басылымдар қоры және музыка тарихы мен теориясы туралы әдебиеттерді ұсынады. |
Kazakh