С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасында «Латын әліпбиі – рухани тұтастық негізі» көрмесі ашылды. Көрме №1 оқу ғимаратында 103 аудиториясында орналасқан.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берді.
Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондықтан, Ұлт көшбасшысының тапсырмасы бойынша бүгінгі күні латын әліпбиіне көшуге толық дайындық бар,тапсырма 2025 жылға дейін аяқталуы керек.
Бұл – ұлт болып шешуге тиісті принципті мәселе. Қазіргі жастардың болашағы үшін, ағылшын мен интернет тілін жетік игеруіне, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады және халықаралық бизнес пен туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
Біріншіден – әлеммен бірлесе түсу, яғни қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығыуы. Екінші жағынан бұл тек қана саясат емес, бұл тілдің таза лингвистикалық мәселелерін шешуге маңызды жағдай.Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасына жаңа көзқарас туғызады. Қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиіне қайта оралып санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.
«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру- бұл ана тіліміздің жаhандық ғылым мен білім жүйесіне кіруіне, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам» - Н.Ә. Назарбаев.