Skip to main content

Modal title

One fine body…

    • RU
    • KK
С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы
  •  Студенттерге
    • Бірінші курс студентіне
      Библиографиялық сипаттама
  •  Abai Digital
    • Abai Digital
  •  Зерттеушілер мен оқытушыларға
    • ННП РК
      Web of Science
      Springer Link
      РМЭБ
      КазНЭБ
      РИНЦ
      Лань
      Полпред-справочник
      «КИБЕРЛЕНИНКА» ғылыми электронды кітапханасы
      Шығыс Қазақстан бойынша ресми статистикалық ақпарат
      Scopus
  •  Әріптес-кітапханашыларға
    • ҚР ЖОО кітапханалар Ассоциациясы
      Кітапалмасу
  •  Бұл қызық
    • National digital history of Kazakhstan
      Біздің Абай: электрондық кітапхана
  •  Байланыс

You are here

Басты бет » Оқиғалар мен жаңалықтар » ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған көрме ұсынды
04.06.2021
ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған көрме ұсынды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты көрме ұйымдастырды.

1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заңдармен тұңғыш рет тәуелсіз еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді, ал 1992 жылдың 11 желтоқсанында Әнұранымыз туралы заңға қол қойылды. Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы 24 қаңтарда «Мемлекеттік нышандар туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Президенттің 2004 жылдың 4 маусымындағы Жарлығына сәйкес, республикамызда 4 маусым «Мемлекеттік рәміздер күні» ретінде аталып келеді. Ту, Елтаңба, Әнұран – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Рәміздердің авторларына келсек, көк байрағымыздың идеясы еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбековке тиесілі. Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Егемен Қазақстанның әнұраны екі мәрте жаңарды. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда ел Парламентінде бекітілді.

Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Көрмеге осы тақырыпқа байланысты фотосуреттер, құжаттар, кітаптар, журналдар және жинақтар ұсынылған.

Көрмеге қызығушылық танытқан оқырмандарды студенттер оқу залында (№1 оқу ғимараты, 103 ауд.) күтеміз.

  • View the full image
  • View the full image
  • View the full image
  • View the full image
  • View the full image
  • View the full image

© 1998-2018 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.., 30-шы Гвардиялық дивизия к-сі, 34
Пошталық индекс: 070020 e-mail:library_dir@vkgu.kz