Skip to main content

Modal title

One fine body…

    • RU
    • KK
С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы
  •  Студенттерге
    • Бірінші курс студентіне
      Библиографиялық сипаттама
  •  Abai Digital
    • Abai Digital
  •  Зерттеушілер мен оқытушыларға
    • ННП РК
      Web of Science
      Springer Link
      РМЭБ
      КазНЭБ
      РИНЦ
      Лань
      Полпред-справочник
      «КИБЕРЛЕНИНКА» ғылыми электронды кітапханасы
      Шығыс Қазақстан бойынша ресми статистикалық ақпарат
      Scopus
  •  Әріптес-кітапханашыларға
    • ҚР ЖОО кітапханалар Ассоциациясы
      Кітапалмасу
  •  Бұл қызық
    • National digital history of Kazakhstan
      Біздің Абай: электрондық кітапхана
  •  Байланыс

You are here

Басты бет » Оқиғалар мен жаңалықтар » ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Парламент Сенатының атынан ерекше жинақты сыйлық ретінде алды
21.06.2021
ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Парламент Сенатының атынан ерекше жинақты сыйлық ретінде алды

ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Қазақстан Парламенті Сенатының сыйлыққа «Ашаршылық.Голод.1928-1934. Деректі хроника» жинағын алып отыр.

Жинақ ҚР Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың жобасы аясында және ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен дайындалған, онда күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық тарихын баяндайтын бірегей 1126 құжат ұсынылған.

Құжаттардың 449-ы алғаш рет, сондай-ақ 175-і Қазақстанда шығарылмаған Ресей мұрағаттарынан жарияланды.

Үш томдық кітапта қазақ даласындағы ашаршылыққа қатысты маңызды мұрағаттық құжаттар жинақталған.

Кеңес заманында ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық қасіреті жан-жақты жасырылды. Қазақстандағы ашаршылық – «Кулактарды класс ретінде жою» ресми саясатымен, ұжымдастырумен, орталық биліктің азық-түлік дайындау жоспарының ұлғаюымен, сондай-ақ қазақтардан малды тәркілеумен байланысты жалпыодақтық ашаршылықтың бір бөлігі. Қазақ еліндегі ашаршылық халық арасында «зұлмат, нәубет» деген атқа ие болды.

Барлық құжаттар мен деректер құпия сақталғандықтан, ғалымдар оларға қол жеткізе алмады.

Бұл жинақ – қазақстандық қоғамның тарихи санасын кеңейту мақсатында ашаршылық тарихы мәселелерін зерделеу жөніндегі бірыңғай жүйелі деректер базасын құрудың алғашқы қадамы.

Жинақта Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының, ақпарат комитеті ұлттық мұрағатының, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының қорлары және т.б. пайдаланылған.

Жинақтың негізгі құрастырушыларының бірі Л. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Альбина Советқызы Жанбосынова болды,

Кітап мың дана таралыммен шықты. Біздің оқытушыларды, студенттерді және магистранттарды оқу залына (№229 дәрісхана) өзінің мазмұны бойынша бірегей басылыммен жақынырақ танысуға шақырамыз. Алдағы уақытта үштомдықпен «Руханият» электронды кітапханасында жұмыс істеуге болады.

  • View the full image

© 1998-2018 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.., 30-шы Гвардиялық дивизия к-сі, 34
Пошталық индекс: 070020 e-mail:library_dir@vkgu.kz