Skip to main content

Modal title

One fine body…

    • RU
    • KK
С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы
  •  Студенттерге
    • Бірінші курс студентіне
      Библиографиялық сипаттама
  •  Abai Digital
    • Abai Digital
  •  Зерттеушілер мен оқытушыларға
    • ННП РК
      Web of Science
      Springer Link
      РМЭБ
      КазНЭБ
      РИНЦ
      Лань
      Полпред-справочник
      «КИБЕРЛЕНИНКА» ғылыми электронды кітапханасы
      Шығыс Қазақстан бойынша ресми статистикалық ақпарат
      Scopus
  •  Әріптес-кітапханашыларға
    • ҚР ЖОО кітапханалар Ассоциациясы
      Кітапалмасу
  •  Бұл қызық
    • National digital history of Kazakhstan
      Біздің Абай: электрондық кітапхана
  •  Байланыс

You are here

Басты бет » Оқиғалар мен жаңалықтар » ШҚУ Ғылыми кітапханасы Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кешке қатысты
10.02.2021
ШҚУ Ғылыми кітапханасы Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кешке қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы өткізген «Жырымен жұртын тербеткен» атты Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кешке қатысты. Кеш модераторы А.К. Сейпутанова болды. «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени іс-шарасы аясында жалпыхалықтық оқуға ақиық ақынның «Өмірдастан» атты ұсынылған кітабы бойынша шығармашылығына шолу жасалып, виртуалдық көрме ұсынылды. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында өз орнын тауып келеді. Аталмыш жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. Мұқағали Мақатаев – қазақ өлеңінің қадір-қасиетін, көркемдік дәрежесін асқан зор шеберлікпен, қайталанбас даралықпен шырқау биікке көтерген үлкен суреткер, белгілі лирик ақын. Оның өлеңдері мен поэмалары тереңнен сыр тартар нәзіктігімен оқырман қауымының ілтипатына ие болды. «Өмірдастан» атты кітапқа ақынның өлеңдері мен поэмаларының ең тәуірлері іріктелініп алынды. «Өшеді өлең, немесе көшеді өлең» деп ақын өзі болжағандай, Мұқағали жырлары уақыт көші алға жылжыған сайын қанатын кеңге жайып, биіктеп барады. Сонымен қатар, ақынның «Өмір-өзен», «Тамаша айым – тамызым», «Үш бақытым», «Махаббат сазы» деген кітаптары да бар. М. Мақатаев махаббат пен достықты, поэзия мен табиғатты жырлады. Оның шығармаларында Отан тақырыбы ерекше орын алады. Мақатаев поэзиясы туған елі мен туған тіліне деген махаббаты шексіз отансүйгіштік сезімге толы. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз. Біздің кітапханда Мұқағали ақынның барлық кітаптары бар, келіп оқып танысуларыңызға болады!

  • View the full image
  • View the full image
  • View the full image
  • View the full image

© 1998-2018 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.., 30-шы Гвардиялық дивизия к-сі, 34
Пошталық индекс: 070020 e-mail:library_dir@vkgu.kz