18.03.2022
Сіздерді көктем мен жаңаруды айшықтайтын, ырыс пен ынтымақтың мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар!
Сіздерді көктем мен жаңаруды айшықтайтын, ырыс пен ынтымақтың мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Сіздерге және отбастарыңызға ұлыс бақ әкелсін, ақ мол болып, Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Көктемнің көгілдір мерекесіне орай № 5 оқу ғимаратында ашылған «Наурыз – барша жыл басының ұлығы» атты кітап көрмесіне шақырамыз.
Көрмеге қойылған кітаптар мен газет-журнал бетіндегі мол мағлұматтар өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ. Мәдени шара айдың аяғына дейін созылмақ.
Келіңіздер, көріңіздер!
Ғылыми кітапхана ұжымы