13.02.2017
Үш тұғырлы тіл – өркениет өрісі
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Ғылыми кітапхана №1 оқу ғимаратының 218 аудиториясында “Үш тұғырлы тіл – өркениет өрісі” атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге үш тілді оқытуды енгізу бойынша ШҚМУ оқытушыларының еңбектері, ғылыми конференция материалдары, электронды оқыту ресурстары, ғылыми журналдардағы мақалалар және “The Millennium Library” сериясымен бейімделмеген әдебиеттер қойылған. Көрмеде Ғылыми кітапхананың Сирек қорынан алынған ағылшын тіліндегі білімнің көптеген саласын қамтитын раритеттер және С. Аманжоловтың жеке коллекциясындағы кітаптармен таныса аласыздар.
Ғылыми кітапхана студенттер мен оқытушыларды көрмеге шақырады.