17.05.2023 «СЕРПІН – 2050: МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА» СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ Университетте «Серпін- 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» студент жастармен кездесу шарасы өтті. Түркістан облысынан арнайы келген өкілдермен жүздесуге «Серпін» бағдарламасымен оқитын білім алушылар, Жоғары мектептер декандары және Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері қатысты. >>
16.05.2023 ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ–2023 ОЙЫНДАРЫНДА ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ Айшагүл Елеубаева 32-нші Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарына қатысып, бокстан әйелдер арасында үшінші орын алды. Спортшы Таиланд корольдігінің Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер сынына қатысты. >>
13.05.2023 «ЖЕҢІМПАЗ КУБОГІН» ИЕЛЕНУ НЕМЕСЕ «JASSTAR-2023» СТУДЕНТТЕР БАЙҚАУЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ Облыс орталығында кезекті ауқымды студенттер байқауы өтті. «JasStar-2023» шарасы - қала әкімдігімен ұйымдастырылған жоғары оқу орындары дарындарының басын қосқан өнер сыны. >>
12.05.2023 «ГЕОГРАФИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТЕРІ» АТТЫ ЖАҢА ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Б.Мамраев атындағы ғылыми кітапханасы «Қазақ Географиялық қоғамының Өскемен филиалының жазбалары» атты жаңа жинақтың тұсаукесерін өткізді. 2023 жылдың 17-нші шығарылымы «географияның заманауи мәселелері және Қазақстанның ғылыми мектептері» деп аталды. >>
11.05.2023 БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕМТИХАН СЕССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ Басқарма отырысында университеттің көктемгі емтихан сессиясын және қорытынды аттестаттауды өткізуге дайындығы талқыланды. >>
11.05.2023 «ТУҒАН ЖЕР. ТУҒАН ЕЛ. ТУҒАН ГЛОБАЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ 2023 жылдың 4-5 мамырында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан тарихы, археология және өлкетану пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық онлайн пән олимпиадасы өтті. >>
11.05.2023 УНИВЕРСИТЕТ ҚОЛ КҮРЕСШІЛЕРІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері армрестлингтен өткен Азия чемпионатында топ жарды. Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен сында оқу орнының білім алушылары Маргарита Шорманова, Николай Мрзагарайев, Руслан Байгукшинов өнер көрсетіп, ел даңқын асқақтатты. >>
11.05.2023 АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ПЕДАГОГ БІЛІМІН БАҒАЛАУ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҚАРАЛДЫ Педагогикалық мамандықтардың 4 курс білім алушыларының педагог білімін бағалау аралық қорытындылары, Академиялық комитеттер жұмысының, Жоғары бизнес және құқық мектебінің, Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялар қызметінің қорытындылары қаралды. Сондай-ақ, университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік еңбектері қаралып университет Ғылыми кеңесінің отырысына қарауға ұсынылды. >>
11.05.2023 СТУДЕНТТЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСТЕРДІ ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН САНДЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ «Алтайтану» ҒЗО-да ашылған «Digital social research» зертханасы базасында «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік грантының иегері Антон Александрович Ивлев жүргізетін «Әлеуметтік процестерді талдауға арналған сандық бейнелеу құралдары» циклы бойынша алғашқы сабақ өтті. >>
10.05.2023 ИРКУТСК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫНЫҢ ДӘРІСТЕРІ ӨТТІ Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да Иркутск мемлекеттік университетінің әлеуметтану ғылымдарының докторы, ғылыми жұмыс және халықаралық қызмет жөніндегі проректор Константин Григоричевтің үш күндік дәрісі өтті. Мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ету. >>
08.05.2023 ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҰОС АРДАГЕРІН КЕЛЕ ЖАТҚАН МЕРЕКЕ - ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінің белсенді студенттері жарты жыл бұрын ғана өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен Ұлы Отан соғысының ардагері, I дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері Светочева Анастасия Павловнаға барып, құттықтап қайтты. >>
08.05.2023 СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының екінші курс студенті Мағжан Шеризатов гір спортынан Азия-2023 чемпионатында жеңіске жетті. Биыл жарыс Қырғызстанда Бішкек қаласында өтті. >>
05.05.2023 БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ AMANZHOLOV UNIVERSITY ГРАНТТАРЫНА ИЕ БОЛДЫ С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген жыл сайынғы игі дәстүр бойынша «Үміт» Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне университетте төрт жыл грантта білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды табыстайды. >>
05.05.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ ОҚУШЫЛАР ФЕСТИВАЛІНЕ 700-ДЕН АСТАМ ТАЛАПКЕР ҚАТЫСТЫ «Ертіс концерт» концерттік залында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шығыстың алтын қоры» атты оқушылар фестивалі өтті. Мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беру, оқу орнымен таныстыру мақсатын көздеген шараға облыстың қала мен аудандарынан 700-ден аса оқушы қатысты. >>