28.12.2022 ЖАҢА БИОЛОГИЯ АУДИТОРИЯСЫ АШЫЛДЫ Amanzholov University-дің алдыңғы қатардағы міндеттерінің бірі – сапалы білім беру мен оқуға жағдай жасау. >>
27.12.2022 УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ «АЛАУ-2022» СЫЙЛЫҒЫН ТАБЫСТАУ САЛТАНАТЫНДА МАРАПАТТАЛДЫ Өскемен қаласы әкімінің жыл сайынғы «Алау-2022» жастар сыйлығының марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Amanzholov University баспасөз қызметі. >>
27.12.2022 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ 2022 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ 2022 жыл 70 жылдық мерейтойын атап өткен Amanzholov University үшін айтулы оқиғалар мен жетістіктерге толы болды. >>
27.12.2022 РИДДЕРЛІК ОҚУШЫҒА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ БҰЙЫРДЫ 2023-2024 оқу жылына арналған білім алудағы 100% жеңілдікті Риддер қаласындағы №1 мектеп-лицейінің оқушысы Василиса Бедаева психология бойынша өткізілген аймақтық онлайн олимпиада қорытындысы бойынша ұтып алды. >>
26.12.2022 СТУДЕНТТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ ВЕРТИКАЛИЗАТОР ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕДІ «Материалдарды өңдеуде және машина жасауда бағдарламалау және аппараттар» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Нұралы Базаров пен Дамир Талғатбек церебралды сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арналған вертикализатордың стартап жобасын дайындады. >>
26.12.2022 AMANZHOLOV UNIVERSITY МАГИСТРАНТЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚОҚЫС СҰРЫПТАУ КЕШЕНІН ОЙЛАП ТАПТЫ Жоба бойынша кешен күн және жел энергиясынан қуат алады. Оған қоса, арнайы QR-код орнатылады, деп хабарлайды С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі. >>
23.12.2022 С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ СТУДЕНТІ ОТАНДЫҚ АВТОТҰРАҚ РАДАРЫН ЖАСАДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті автокөлікке арналған ультрадыбыстық датчик көмегімен жасалған қазақстандық тұрақ құрылғысын ойлап шығарды. >>
23.12.2022 «START-UP ЖОБАЛАР» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Университетте өткен ғылыми Start-up жобалар байқауы талай таланттың ашылуына, жас өнертапқыштарға жол ашты. Барлығы 19 өтінім қабылданған болатын. >>
22.12.2022 СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ШВЕЦИЯ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Швеция Уппсала университетінің Лингвистика және филология кафедрасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Уппсала университеті соңғы жылдары үш ірі халықаралық рейтинг Times Higher Education (the), QS World University Rankings және ARWU (Шанхай рейтингі) бойынша әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кірді. >>
22.12.2022 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ Қазақстандағы кәсіби мереке – Психолог күні қарсаңында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ШҚО Білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен педагог-психологтардың кәсіби кездесуі өтті. >>
22.12.2022 «STEM-ЖОБАЛАУ ҮШІН РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ 3D БАСЫП ШЫҒАРУ» ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ АЯҚТАЛДЫ Қысқы мектеп ERASMUS+ «AN INTEGRATED APPROACH TO TRAINING STEM TEACHERS / STEM оқытушыларын даярлаудағы интеграцияланған тәсіл» халықаралық жобасы аясында өтті. >>
21.12.2022 ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫНА «АҚ ҚАНАТ ҚҰС» ЖИНАҒЫН СЫЙЛАДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың шығармашыл студенттері эссе, өлең, проза шығармалары енген «Ақ қанат құс» жинағын оқу орнының басшысы Мұхтар Төлегенге таныстырып, сыйға тартты. >>
21.12.2022 AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЕМТИХАН СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ Басқарма төрағасы-ректор, профессор Мұхтар Төлеген емтихан сессиясын өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Amanzholov University баспасөз қызметі. >>
20.12.2022 УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері Айбар Рамазанов пен Бекарыс Секенов «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мұхаметжанованы еске алуға арналған «Қаһарман қазақ қызы еді» жыр мүшәйрасында жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды баспасөз қызметі. >>