24.04.2023 «АЛТАЙТАНУ» ҒЗО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ UNIVERSITÉ DE PARIS ДЕМОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «Қалалық қазақтардың репродуктивті мінез-құлқының өңірлік ерекшеліктері: үрдістер мен перспективалар» гранттық жобасын іске асыру барысында ШҚУ қызметкерлері Université de Paris демография институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. Аталған оқу орны – әлемдегі ең көне жоғары оқу орындарының бірі. XIII ғасырда-ақ Париж университеті алғашқы еуропалық колледждердің негізін қалаушылардың бірі болды. Осы күнде бұл университет әлемге Сорбонна деген атпен әйгілі. Бірнеше ғасырлар бойы Париж университеті әлемдік ғылымның орталығы болды. 1968 жылдан бастап Сорбонна 13 тәуелсіз университеттен тұрады. Олардың әрқайсысы өзінің жетістіктері мен оқу бағдарламаларымен танымал. >>
24.04.2023 ӘСКЕРИ КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 105 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ Асубұлақ кентінің орта мектебінде Ұлан ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық Қаһарманы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы-партизан Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына арналған шара өтті. >>
21.04.2023 ИНКЛЮЗИВТІ ТӘЖІРИБЕ САЛАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Инклюзивті тәжірибе саласындағы практикалық сұраныстан ғылыми зерттеулерге» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. >>
21.04.2023 ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАР Отан қорғаушылар күніне орай Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ базасында «AMANAT» партиясының жастар қанатымен ұйымдастырылған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. >>
21.04.2023 «СТУДЕНТТЕР КӨКТЕМІ – 2023» ГАЛА-КОНЦЕРТ ФИНАЛЫ ӨТТІ Жыл сайынғы «Студенттер көктемі – 2023» жастар шығармашылық байқауы аяқталды. Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері екі күн бойы көрермендерді қуантып, өз Жоғары мектептерінің намысын қорғады. >>
20.04.2023 СТУДЕНТТЕРГЕ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ 2022-2023 оқу жылының кезекті емтихан сессиясы қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ комплаенс-офицері Гүлмира Төлеубекқызы Байркенованың бастамасымен Жоғары мектеп студенттерімен онлайн кездесулер өтті. >>
20.04.2023 «СТУДЕНТТЕР КӨКТЕМІ» - 2023 БАЙҚАУЫ. ЕКІНШІ КҮН «Студенттер көктемі» жалынды жастар үшін жылдың ең маңызды шарасы. Ән мен би, әзіл мен өлең өрілген нағыз өнерпаздардың бәсекесі. Бірінші күні Педагогика, Бизнес және құқық, сондай-ақ ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектептері өнер көрсеткен еді. Байқаудың екінші күні Жоғарғы колледж бен Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері өз шығармашылығын ұсынды. >>
19.04.2023 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының оқытушылары, профессор Н.Завалко, доцент С.Сахариева және қауымдастырылған профессор Н.Радченко «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының бакалавриат және магистратура білім алушыларымен «Ғылыми workshop» форматында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді. >>
19.04.2023 УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ №42 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Оқушылар университеттің білім беру бағдарламалары, оқу ақысы бойынша жеңілдіктер, 2022-2023 оқу жылында ұйымдастырылатын байқаулар мен олимпиадалар, 2022 жылғы грантқа өту ұпайлары туралы ақпарат алды. >>
19.04.2023 СТУДЕНТТЕР ШҚО ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЕОЛОГЫМЕН КЕЗДЕСТІ ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Кеңшілік Тышхан «Тарих» және «Дінтану–философия» мамандықтарының білім алушыларына деструктивті діни ағымдардың жастарға әсері туралы айтты. >>
19.04.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «БІЗДІҢ ӨСКЕМЕН» КВИЗ-ОЙЫНЫНА ҚАТЫСТЫ Өскеменде «Біздің Өскемен» интеллектуалды квиз-ойыны өтті. Ойынның ұйымдастырушысы Amanzholov University ұжымы. Қазақша өткен білімділер сайысында 17 команда бақ сынады. Облыс орталығында қазақ тіліндегі жалғыз квиз-ойыны осы. Ойынның авторы және жүргізушісі Дарын Нұрсапаровтың айтуынша, елдегі қазақ тілінде өтетін квиз-ойынның бастауы Өскемен қаласы болды. >>
19.04.2023 ОҚУ ОРНЫНА ҚХР БАС КОНСУЛЫ ЦЗЯН ВЭЙ АРНАЙЫ КЕЛДІ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханым келді. Бас консул сапарының мақсаты – іргелі оқу орнымен серіктестік орнатып, білім-ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыру. >>
18.04.2023 КӨПТЕН КҮТКЕН СТУДЕНТТЕР КӨКТЕМІ – 2023 БАСТАЛДЫ Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да Студенттер көктемі – 2023 шарасы басталды. Жыл сайын өтетін байқау арқасында шығысқазақстандықтар Amanzholov University-дің дарынды студенттерімен жақсы таныс. Керемет кешті көруге студенттер ғана емес, университет қызметкерлері тіпті, өзге оқу орындарының білім алушылары да келді. >>
18.04.2023 AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде В013 «Биология» – білім беру бағдарламаларының тобы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Білім бәйгесіне ШҚУ білім алушылары да қатысты. >>